Қазақстандық 13 компания Орталық Азиядағы үздік рейтингке енді

фото: ҚР Сауда және интеграция министрлігі

Қазақстанның 13 компаниясы Орталық Азиядағы ең ірі 20 компанияның рейтингіне енді, деп хабарлайды Astana TV.

Тізімдегі алғашқы жеті орынды мұнай-газ, қаржы, финтех және озық технологиялар бағытындағы отандық компаниялар өзара бөліскен. Олардың қатарында «ҚазМұнайГаз», Kaspi.kz, «Қазатомөнеркәсіп», Freedom, Halyk Bank, Solidcore және Higgsfield бар.

Сонымен қатар еліміздің үздік жиырмалығына түрлі инвестициялық және технологиялық кәсіпорындар да еніп отыр. Бұл үрдіс экономикамыздың сипаты күрделеніп, халықаралық аренада бәсекеге қабілетті мықты жеке бизнестің қалыптасып жатқанын айқын аңғартады.