ШҚО-ның Глубокое ауданының 63 жастағы тұрғыны 2023 жылдың шілдесінде өзге елдің азаматтығын алған, бірақ ол туралы жауапты органдарға хабарламаған, деп хабарлайды Astana TV.
ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, зейнеткер үш жыл бойы екі елдің азаматтығымен өмір сүрген.
«Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 650-ден аса адам Қазақстан азаматтығынан айырылды. Олардан бөлек, тағы 48 адам тиісті талаптарды бұзғаны үшін жазаланды», – делінген ПД хабарламасында.