Павлодар облысында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді, деп хабарлайды Astana TV.
Атап айтқанда, мас күйде көлік басқарған 9 жүргізуші, қоғамдық орында ішімдік ішкен 94 адам, ұсақ бұзақылық жасаған 14 тұрғын және көші-қон заңнамасын бұзған 125 дерек анықталды. Сондай-ақ әртүрлі қылмыс үшін іздеуде жүрсген 9 адам ұсталды.
Мәселен, Малайсары батыр көшесінде тоқтатылган Mercedes жүргізушісінің және Олжабай батыр мен Торайғыров көшелерінің қиылысында көлік басқарған басқа бір жүргізушінің есірткілік және алкогольдік масаң күйде екені медициналық куәландыру арқылы расталып, материалдар сотқа жіберілді.
Бұдан бөлек, Камзин көшесіндегі 324-үй маңында JA J7 көлігі ұсталды. Тексеріс кезінде жүргізушінің бұрын мас күйде көлік басқарғаны үшін сот шешімімен 7 жылға құқығынан айырылғанына қарамастан, тыйымға пысқырмай қайтадан рөлге отырғаны белгілі болды