Республика күні: Астанада 12 алаңда ауқымды концерт өтеді

Фото: 24 kz

Елордада Республика күніне орай қаланың алты ауданында ашық аспан астында мерекелік концерттер ұйымдастырылады

Республика күніне орай Астананың барлық алты ауданында 12 ашық алаңда мерекелік концерттер өтеді, деп хабарлайды AstanaTV қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Ауқымды іс-шаралардың негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу және елорда тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл күй сыйлау.

Атап айтқанда, Алматы, Байқоңыр, Есіл, Нұра, Сарайшық және Сарыарқа аудандарындағы мәдениет ошақтары мен скверлерде мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылады. Тұрғын алаптары мен орталық алаңдарда танымал эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетеді.

Алматы ауданы

Мұнда концерттер екі алаңда өтеді. Сағат 12:00-де «Железнодорожный» тұрғын алабында Лұқпан Жолдасов, Меруерт Бақыт, Ералы Қанжығалы, «Алтын» триосы, «Айша бибі» дуэті және «DiEra» триосы өнер көрсетеді. Сағат 15:00-де «Жастар» саябағында Дидар Мансұр, «Айлин» триосы, Медет Шайкелов, «Астана» тобы, Парасат Отан және «Алтын» триосының қатысуымен концерт басталады.

Байқоңыр ауданы

Сағат 12:00-де «Өндіріс» тұрғын алабында мерекелік концерт өтеді. Көрермендер алдында Фарида Жолдасова, Бауыржан Исаев, Мадина Исламова, Әкімхан мен Ақбота, Даниял Ахметов және «Айлин» триосы өнер көрсетеді. Сағат 15:00-де «Ататүрік» саябағында концерт басталады. Онда Мадина Исламова, Аян Жаймағамбетов, «Айша бибі» дуэті, DOS, «Алтын» триосы және Мәди Қадыров өнер көрсетеді.

Есіл ауданы

Мерекелік іс-шара сағат 15:00-де «Бағыстан» тұрғын алабында өтеді. Мұнда Алтыншаш Мұқатаева, Фарида Жолдасова, Бауыржан Исаев, «DiEra» триосы, «Белес» дуэті және «Айлин» триосы өнер көрсетеді.

Нұра ауданы

Бұл ауданда концерттер екі алаңда ұйымдастырылады. Сағат 12:00-де «Үркер» тұрғын алабындағы «Айғыржал» скверінде мерекелік бағдарлама басталады. Көрермендер алдында Тұрар Төлеутай, Айгүл Иманбаева, Дидар Әбдіхалық, «Жарық» дуэті, Аян Жаймағамбетов және «Qazaq Voice» триосы өнер көрсетеді. Сағат 15:00-де «Жағалау» тұрғын алабында концерт өтеді. Өнер көрсететіндер қатарында Нұрбол Балапанов, Медет Салықов пен Клара Төленбаева дуэті, «Еркем» триосы, Тұрар Төлеутай, Меруерт Бақыт және Аян Жаймағамбетов бар.

Сарайшық ауданы

Екі концерттік алаң белгіленген. Сағат 12:00-де «Промышленный» тұрғын алабында Медет Салықов пен Клара Төленбаева дуэті, Алтыншаш Мұқатаева, Нұрбол Балапанов, «DiEra» триосы, Ералы Қанжығалы және «Алтын» триосы өнер көрсетеді. Сағат 15:00-де «Отау» шағынауданында Даниял Ахметов, Айгүл Иманбаева, Әкімхан мен Ақбота, «Qazaq Voice» триосы, Дидар Әбдіхалық және «Жарық» дуэтінің қатысуымен концерт өтеді.

Сарыарқа ауданы

Мерекелік концерттер бірнеше алаңда өтеді. Сағат 12:00-де «Көктал-1» тұрғын алабындағы «Наз» мемлекеттік би театрының алаңында концерт басталады. Мұнда Аян Жаймағамбетов, Зарина Омарова, Парасат Отан, «Еркем» триосы, Тұрар Төлеутай және «Астана» тобы өнер көрсетеді.Осы уақытта «Көктал-2» тұрғын алабындағы «Қорғалжын» скверінде де мерекелік іс-шара өтеді. Өнер көрсететін әртістер қатарында Мәди Қадыров, Медет Шайкелов, Дидар Мансұр, Бауыржан Исаев, «Айлин» триосы және «Белес» дуэті бар. Сағат 15:00-де Қалалық алаңда DOS, Лұқпан Жолдасов, Зарина Омарова, Ералы Қанжығалы, «DiEra» триосы және Тұрар Төлеутай көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлайды.

Концерттер 24 қазан күні әр түрлі уақытта басталып, қала тұрғындарына арналған арнайы музыкалық бағдарламалар ұсынылады. Ұйымдастырушылар мереке күні қалаішілік көлік қозғалысы мен қауіпсіздік шараларының сақталатынын атап өтті.