Қытайға 180 миллион теңгелік ақбөкен мүйізін әкетпек болғандар ұсталды

Фото: ҚР ҰҚК

Қорғас шекарасында 620 ақбөкен мүйізін Қытайға заңсыз әкету әрекеті тоқтатылды

Тәркіленген мүйіздердің қара нарықтағы құны шамамен 180 миллион теңге болуы мүмкін, деп хабарлайды Astana TV Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 қазанда «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Қазақстаннан Қытайға 620 дана ақбөкен мүйізін заңсыз әкету әрекетінің жолы кесілді. 

ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, тәркіленген жабайы жануарлар дериваттарының қара нарықтағы құны шамамен 180 миллион теңгеге бағаланады.

Аталған факті бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органға беріледі. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды.