2600 тонна алтын құрамды кенді мыс деп көрсетіп, шетелге заңсыз әкетпек болғандар ұсталды

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2026

Жетісуда құны 1,5 миллиард теңге болатын 2600 тонна алтын құрамды кенді шетелге заңсыз әкетпек болғандар ұсталды Шикізатты елден алып шығу үшін кеден құжаттарында мыс деп көрсетіліп, нақты құрамы жасырылған. Тексеру кезінде Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарындағы қоймалардан 1000 тоннадан астам шикізат табылған. Экспорттаушы компанияның директоры және осы іске қатысы бар өзге де тұлғалар анықталды. Екі күдікті қамауға алынды.

ЕРНАР ТАЙЖАН – ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ

Қаржылық мониторинг агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті жалпы құны 1,5 млрд теңге болатын 2,6 мың тонна алтын құрамды кенді елден заңсыз алып шығу жолын кесті. Екі күдікті қамауға алынды. Соттың рұқсатымен серіктестіктің ақшалай қаражатына тыйым салынды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.