Қарағанды облысында баланың басына қаптамасы құлаған мәдениет үйінің жұмысы тоқтатылды

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2026

Қарағанды облысында баланың басына қаптамасы құлаған мәдениет үйінің жұмысы тоқтатылды. Зардап шеккен екі жасар Әмірдің анасының шағымынан кейін полиция осындай шешім шығарды.  Еске салайық, 13 сәуір күні Бұқар жырау ауданының орталығы Ботақара кентінде бүлдіршіннің үстіне мәдениет үйі ғимаратының қаптамасы құлаған еді. Басы қатты жарақаттанған Әмір  3 ай бойы ауруханада жансақтау бөлімінде жатып,   қайтыс болды. Алайда мәдениет үйі бұрынғыдай жұмыс істеп келді. Ғимаратқа техникалық сараптама жарты жылдан кейін, 2- інші қазан күні ғана жасалған. Баланың анасы ғимараттың қауіптілігін айтып бірнеше рет мекемені жабуды талап еткен болатын. Осыдан кейін аудандық полиция шешімімен мекеменің жұмысы «азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құрылыс-техникалық сараптама жүргізу» үшін тоқтатылған.  

МЕЙІРЛАН ҚАЛИ,  БҰҚАР ЖЫРАУ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Қазіргі таңда ғимараттың техникалық жағдайын зерттеу бойынша сараптама жүргізіліп жатыр. Сараптама қорытындысы дайын болғанға дейін ғимаратқа қызметкерлердің және де өзге де азаматтардың кіруіне толықтай тыйым салынғанын хабарлаймыз.