Әскери борышты өтеудің жаңа үлгісі енгізіледі. Реформаға сәйкес, бір жылдық әскери қызмет мерзімі 12 ай болып қалады. Алайда қызмет екі кезеңге бөлінеді. Алғашқы алты айда сарбаздар арнайы оқу орталықтарында әскери дайындықтан өтеді. Ал келесі жарты жылда әскери бөлімдерге жіберіліп, жауынгерлік міндеттерді орындауға кіріседі.