Жұмыс күші тапшы аймақтарға көшкен азаматтарға ақша беріледі

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2026

Қоныс аударсаңыз, қомақты қаржы аласыз. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс күші тапшы аймақтарға көшкен азаматтарға арналған жаңа қолдау тетігі іске қосылады.  Бағдарлама Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Алматы, Жамбыл, Маңғыстау және Түркістан облыстарының тұрғындарын қамтиды. Мемлекеттік көмекті алу үшін азаматтар қоныс аударған өңірде жұмысқа орналасуы немесе жеке кәсібін ашуы керек. Қаржылай қолдау көшу шығындарын өтеумен шектелмейді. Қоныс аударушыларға баспана жалдауға немесе үй сатып алуға 7,6 миллион теңгеге дейін сертификат беріледі. Ал жаңа қызметкерді тұрғын үймен қамтамасыз еткен жұмыс берушілерге 5,4 миллион теңгеге дейін өтемақы қарастырылған. Алайда мемлекеттік қолдауды қайтармау үшін азаматтар жаңа тұрғылықты жерінде кемінде 5 жыл тұруы тиіс.