Шығыс Қазақстанда қалың қар жауып, жолдар жабылды. Кеше басталған қар әлі толастар емесе. Кей жерлерде боран күшейіп, көлік қозғалысы қиындады. Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонайха және Өскемен - Риддер бағыттарын қоса алғанда, жеті жол учаскесінде шектеу енгізілді. Жол қызметтері мен төтенше жағдай мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ал синоптиктер шығыста қар, боран мен көктайғақ, елдің басым бөлігінде тұман, оңтүстікте шаңды дауыл болатынын ескертті.