«Түркістан» екі томдық энциклопедия басылып шықты

  • AstanaTV
  • 22 қазан 2026

Республика күні қарсаңында «Түркістан» екі томдық энциклопедиясының тұсаукесері өтті.  Түркі  мәдениеті және мұрасы қорының қолдауымен жарық көрген басылымда Түркістанның қазақ тарихындағы және тұтас түркі өркениетіндегі орны кеңінен қамтылған. 880 беттен тұратын еңбекте тарихи оқиғалар мен жер-су атауларына қатысты деректер де жүйеленіп, ғылыми-танымдық мақалалар әліпбилік тәртіппен берілген. Бұған дейін ғылыми айналымда болмаған тарихи тұлғалар мен деректер туралы жаңа мақалалар әзірленіп, бұрынғы материалдар заманауи зерттеулер негізінде толықтырылды. Энциклопедияны әзірлеу жұмыстары 2021-2025 жылдар аралығында жүргізілген.

ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ, АКАДЕМИК:

Біз жалпы Түркі әлемі туралы географиялық, тарихи, археологиялық, рухани, мәдени қатпарларының бәрін қамтыдық. 300-ден астам ғалымның 4000 жуық мақаласы енгізілді.

ШАҢБАЙ ТҰРДЫҚҰЛ, ӘДЕБИЕТТАНУШЫ-ФИЛОСОФ

Энциклопедияық принциппен жасалған. Қасиетті қала Түркістан да бар. Бірақ тұтас Түркі әлемін қамтыған энциклопедия деп қабылдауға болады. Қазір екі томдық еңбек кейін үлкен аренаға шығатын дүние