Кенияда діни секта жетекшісі 190 баланы ашықтырып өлтірген

Фото: Саймон Майна/AFP/Getty Images

Орманнан 400-ден астам мәйіт табылды

Кения соты діни сектаның жетекшісі Пол Маккензи мен 30-ға жуық басқа да айыпталушыны 190 бала мен бір ересек адамның өліміне қатысты іс бойынша кінәлі деп тапты. The Guardian басылымы бұл қайғылы оқиғаны ел тарихындағы діни культ әрекетімен байланысты ең ірі қасіреттердің бірі деп атады.

Маккензи «Ізгі хабар» шіркеуін құрып, ақырзаманның таяғанын уағыздаған. Прокуратура дерегінше, ол ізбасарларын, соның ішінде өз балаларын жұмаққа бару үшін аштықта ұстауға, тамақтан бас тартуға үндеген.

Маккензи алғаш рет 2023 жылы полиция оқиға туралы ақпарат алғаннан кейін қамауға алынды. Көп ұзамай жағалауға жақын Шакахола орманынан таяз қазылған қабірлерден мәйіттер табыла бастады. Орманнан барлығы 400-ден астам дене қазып алынды. Дененің тым шіріп кеткеніне байланысты тек 26 қаза тапқан адамның ғана жеке басын анықтау мүмкін болды.

Сегіз сағаттан астам уақытқа созылған сот отырысында судья Диана Каведза Мочаче кей жағдайларда балаларды ата-анасының көзінше оқшаулап, тамақтан мүлде айырғанын мәлімдеді.

Маккензи тағылған айыпты жоққа шығарып, ізбасарларын аштықта ұстауға мәжбүрлемегенін айтты. Алайда сот бұл уәждерді қабылдамады.

Қайтыс болғандардың туыстары үкімнің жариялануын Момбаса Жоғарғы сотында бақылап отырды. Олардың арасында сектаның кесірінен екі немересін қоса алғанда, сегіз отбасы мүшесінен айырылған 62 жастағы Фрэнсис Ванье де болды.

«Бұл отбасымыз үшін шынымен де ауыр сын болды және психикалық жағдайымызға қатты әсер етті. Дәл осы күн бәрін өзгертеді деп үміттенген едім», – деді ол үкім оқылмас бұрын.

Полиция мәліметінше, билік Маккензидің әрекетіне әлі 2017 жылы-ақ назар аударып, оның иелігіндегі орындарға тінту жүргізген. 2019 жылы шіркеу жабылып, содан кейін ол Шакахола орманына барып паналаған.

Маккензи ізбасарларына балаларын мектепке жіберуге және медициналық көмекке жүгінуге тыйым салып, бұл мекемелерді шайтанның ошағы деп атаған. Секта мүшелері полиэтилен мен сабаннан жасалған қолдан жасалған баспаналарда тұрды. Жетекші аумақты Иерусалим және Иудея сияқты киелі кітаптағы атаулармен аймақтарға бөлген.

Ізбасарлардың мүшкіл хлі туралы 2023 жылдың наурыз айында жергілікті тұрғын хабарлағаннан кейін белгілі болды. Ол ағасы мен әйелі Маккензидің бұйрығымен балаларын ашықтырғанын айтқан. Басшы алғаш қамауға алынғаннан кейін кепілмен босатылды, алайда сол жылдың сәуірінде полиция оны қайта ұстап, орманнан ауқымды іздеу жұмыстарын бастады.

Бұл іс Кениядағы діни ұйымдарға бақылауды күшейту туралы үндеулердің туындауына түрткі болды. 2023 жылы ел президенті Уильям Руто мемлекеттік органдар адам өлімінің алдын алуы тиіс еді деп мойындады.

Осы істен бөлек, Маккензиге орманнан табылған өлімдерге, соның ішінде лаңкестікке қатысты басқа да айыптар тағылып отыр. Сондай-ақ ол Шакахоладан шамамен 30 шақырым жерде орналасқан Ква Бинзаро ауылында 52 адамды өлтіруді ұйымдастырды деген айып бойынша да кінәсін мойындаған жоқ. Өзге де өлім деректерін тергеу әлі де