ШҚО мен Қарағанды облысында автожолдарда қозғалыс шектелді
Қолайсыз ауа райы қар мен көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар 4 және облыстық маңызы бар 1 автожол учаскесінде көлік қозғалысы жабылып, шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Astana TV.
ШҚО:
«Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Катонқарағай - Рахман қайнары»;
«Өскемен - Риддер - РФ шекарасы»;
«Өскемен - Тарғын - Самарское».
ШҚО және Қарағанды облысы:
«Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы»;
«Қарағанды - Аягөз - Тарбағатай - Бұғаз».
ТЖМ жүргізушілерді ауа райы жағдайын ескеруге, енгізілген шектеулерді сақтауға және жабық жол учаскелеріне шықпауға шақырады.