Екі науқас Атырауға жеткізілді

фото скрин

ТЖМ тікұшағы кезекті санитариялық рейсті орындады

ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ экипажы санитариялық авиация дәрігерлерімен бірлесіп, Атырау облысы Сүйіндік ауылынан 1951 және 1952 жылы туған екі науқасты Атырау қаласына жеткізді, деп хабарлайды Astana TV.

Науқастар облыстық ауруханаға сәтті жеткізіліп, әрі қарай тексеру және қажетті медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлерге тапсырылды.

Тасымалдау санитариялық авиация қызметі аясында жүзеге асырылды. Бұл қызмет шалғай елді мекендерден науқастарды медициналық мекемелерге жедел жеткізуге мүмкіндік береді.

112 - әрдайым қасыңызда.