Құрылтай депутаты ТМД Парламентаралық Ассамблеясы комиссиясының отырысына қатысты

Құрылтай

 

ӨзбекстанныңТашкент қаласында ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Мәдениет, ақпарат, спорт және туризм жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті

Жиынға Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Жарқынбек Амантайұлы қатысты, деп хабарлайды Astana TV.

Отырыс ТМД-ға мүше мемлекеттердің заң шығарушы органдары өкілдері арасында тәжірибе алмасуға, ортақ мәселелерді талқылауға және парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Жиын барысында қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, бірнеше негізгі бағыт бойынша пікір алмасты. 

Атап айтқанда, мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту және ТМД елдері арасындағы тарихи-мәдени сабақтастықты нығайту, өңірлік туристік әлеуетті арттыру, бірлескен спорттық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ ақпараттық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне назар аударылды.

Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітіп, бірқатар қаулы қабылдады. Сонымен қатар ТМД Парламентаралық Ассамблеясының алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары нақтыланып, негізгі міндеттері айқындалды.