Кәсіпкерлерге көмек көрсеткендер марапатталды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнесті қолдауда ерекше еңбегімен көзге түскен белсенді азаматтарға салтанатты түрде қошемет көрсетті. Республика күні қарсаңында оларға мемлекеттік наградалар мен кәсіпкерлер палатасының марапаттары табысталды. Айта кетейік, биыл екінші рет 29-ы қазан Кәсіпкерлер күні аталып өтіледі.
ЭЛЬМИРА ӘУЕЗОВА, «АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ ЖӘН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Мен 30 жыл денсаулық сақтау саласында жұмыс істеп келемін. Соңғы жылдары осы Атамекен кәсіпкерлер палатасында заңгерлік көмекпен айналысамын. Біз тек бизнесмендердің құқығын қорғайды деу қате. Себебі біз әлеуметтік мәселелер бойынша да бастамалар көтеріп келеміз. Барлық азаматтың өмірін, әл-ауқатын жақсарту үшін де жұмыс істейміз.
ҚАЙЫРБЕК СҮЛЕЙМЕНОВ, «АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ КӘСІПКЕРЛЕР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ:
Мен бұл кеңеске төрағалық етіп отырғаныма 11 жыл болды. Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған еңбегін өз көзіммен көріп жүрмін. Бизнестің даму динамикасы жоғары. Әрине, тоқмейілсіп, уақытынан ерте қуанудан аулақпыз. Себебі, бизнестің дамуы – бюджетті кеңейтіп, жұмыс орындарын арттырады. Ел дамуының басты драйверлерінің бірі.