Қарағанды облысында екі пәтерлі тұрғын үй өртеніп, 44 жастағы ер адам қаза тапты

Қарағанды облысының Дубовка кентінде екі пәтерлі тұрғын үй өртеніп, 44 жастағы ер адам қаза тапты. Өртті өз күштерімен сөндіруге тырысқан тұрғындар оны  құтқара алмаған. Тілсіз жаудың күштілігі сонша үйдің шатыры түгелдей жанып кеткен.

 

АЙЖАН ҚУАШ, ТІЛШІ:

Шатыры ортақ екі пәтерлі үй түгелдей жанып кеткен. Бораш Бөкенбаев зайыбы екеуі көршісінен шыққан өрттің салдарынан далада қалғандарын айтады. Қазір туысының үйін паналауға мәжбүр.

 

БОРАШ БӨКЕНБАЕВ, ДУБОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

«Біреу есік қаққандай болды.Шықсам көршім жүгіріп кеп қағып кетіп бара жатыр екен. Не болды, дедім.- Үй жанып өртеніп жатыр ,- дейді. Киініп алып жүгіріп соның орамына барсам кухнясы шынысы уже оттан жерге ұшып түскен. Сол жақтан мынандай тіл сыртына шығып жатыр. Су тартып нетіп едік оған шланктар жетпей қалды. Пожарка шақырдың ба? Шақырдық,- деді.Келгендерінше 1 сағат өткен шығар ».

 

АЙЖАН ҚУАШ, ТІЛШІ:

«Тілсіз жау мына көрші үйден шыққан. Салдарынан қонаққа келген 44 жастағы ер адам түтінге уланып қаза тапты. Тұрғындар марқұмды құтқармақ болғанмен қызыл жалын мен қою түтіннің кесірінен ол жатқан бөлмеге кіре алмапты». Өртті құтқарушылар келгенше өз беттерімен сөндіруге тырысқан тұрғындарға сол күнгі қатты жел кедергі келтірген. Мамандар келгенде тым кеш болған. Қайғылы оқиғаға қатысты « өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу» бабымен қылмыстық іс қозғалды.

 

ЕЛДОС ЗИЯДА, ОБЛЫСТЫҚ ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

«Сараптамалар тағайындалды. Ол жаңағы мәйіттің өлімнің себебі және де өрттің шығу себептері бойынша сараптамалар тағайындалды. Сол сараптамалардың қортындысы бойынша және қылмыстық істің қортындысы бойынша тағы да мәліметтер толықтырылады».

 

АЙЖАН ҚУАШ, ТІЛШІ:

Айта кетейік осы айда аймақта  600 өрт оқиға болған. Оның барлығы қауіпсіздікті сақтамаудан шыққан.