Астанада Есілдің сағасы бір түнде тартылып қалды. Су деңгейінің күрт төмендегеніне тұрғындар алаңдаулы. Дегенмен, қала әкімдігі Есіл өзенінде бесінші кезектегі су реттейтін бөгетті салу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілгенін хабарлады. Жұмыс аяқталған, енді су қайта толықтырылады дейді. Өзенді санитарлық тазарту жұмысы күн сайын жүргізіледі. Арнайы техника су өсімдіктері шамадан тыс жиналған учаскелерді тазартып, жағалау аумағындағы қоқысты жинайды. Биыл Есіл жағасынан 50 тоннадан астам қоқыс шығарылған. Өзеннің экологиялық жағдайын жақсарту жұмысы алдағы жылы да жалғасады.