Астанада ата-аналардың халықаралық саммиті өтті

Астанада «Білім беру экожүйесін бірлесе қалпына келтіру» тақырыбында халықаралық саммит өтті. Шетелдік сарапшылар, ата-аналар мен ұстаздар қауымы инкюзивті білімнің қолжетімділігін арттыру бағытын талқылады. Әсіресе, цифрлық дәуірде тәрбие беру үрдісінде нені ескеру маңызды, бала болашағын жоспарлауда мән беретін жайттар қайсы деген сұрақтарға тараптар жауап іздеді. Алыс-жақын шетелдерден келген білім саласының эксперттері ғылыми ізденістерінің нәтижесімен бөлісіп, интерактивті воркшоптарға қатысты. 

СӘТЖАН ОМАРОВ, ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛІ АТЫНДАҒЫ BINOM SCHOOL МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ  ДИРЕКТОРЫ:

Бізде инклюзивті білім беру бойынша 56 бала білім алып жатыр. Әр баланың деңгейі әртүрлі. Бүгінгі күн тәртібіндегі негізгі мәселелерде Қазақстанның білім беру стандарты мен шетелдік білім беру стандарттары салыстырылады. Озық тәжірибелерді шетелдік спикерлер өздерінің тәжіриблерімен апробация жасап, соған сырттай баға беруге мүмкіндік алатын алаң болып тұр.