Қызылордада дала еңбеккелері марапат төрінен көрінді. Бұл ала жаздайғы еңбек пен маңдай тердің ақталғаны дейді олар. Биыл аймақта әртараптандыру жұмыстарына ден қойылып, суды аз қажет ететін өнімдерге басымдық берілді. Су үнемдеу технологияларын пайдалану арқылы 14 мың 200 гектар жерге егін егілді. Облыс күрішшілері 400 мың тоннадан астам өнімді қамбаға құйды. Су тапшылығына, ауа райының қолайсыздығына қарамастан табандылық танысытып, аймақтың ауылшаруашылығы саласының дамуына үлес қосты. Ел ырысын еселеуге атсалысқан азаматтар «Алтын күз – 2026» салтанатты шарасында мараптталды.
ЖАҚЫПБЕК ТОРТАЕВ, ШАРУАШЫЛЫҚ БРИГАДИРІ:
Мен 37 жыл ауылда жұмыс істеп келемін. 10 жыл өзім сушы болып күріш еккенмін. Содан бермен қарай қызмет саласында жұмыс істеп келе жатырмын. Қазір 8 жыл бригадир болып жұмыс атқарып келемін. Еңбегіміз бағаланып мінекей осындай дәрежеге жетіп жатырмыз. Ауылдағы мехиназор, сушылардың барлығының еңбегі зор.