Атырауда 160 орындық “Ботақан” бөбекжай-балабақша ашылды

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2026

Атырауда мерейлі мереке қарсаңында “Ботақан” бөбекжай-бақшасы ашылды. Қала маңындағы  Тасқала-2 халқы  бұл сыйға ерекше қуанып жатыр. 160 балаға арналған екі қабатты  зәулім ғимарат заманауи үлгіде салынған. Бөбектердің бойына білім мен тәрбиені қатар сіңіріп, дамыту  үшін барлық жағдай жасалған. Жаңа білім беру нысанының бой көтеруіне демеушілік компания қаржылай қолдау көрсеткен.  Бақшаға 2 мен 5 жас арасындағы бөбектер қабылданады.  6 топ болады. 1-қарашадан бастап жұмысын бастайды.  

АЙНАГҮЛ ДҮЙСЕКЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бұл Тасқала-2елдімекеніндегі алғашқы балабақша.Тасқала -1елді-мекенінде балабақша бар. Сол себепті бұл жердегі тәрбиеленушілерімізге, сәбилерге керемет жаңалық деп айтуға болады.  6 топ болады.Және балабақша толықтар материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Тәрбиеленушілерді қабылдауға дайын.