Қазіргі уақытта бұл азаматтардың құжаттарының күші толығымен жойылды, деп хабарлайды Astana TV.
Елордада Арнайы ХҚКО қызметкерлері мен сырттағы «көмекшілерден» құралған қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген қылмыстық іс материалдарын қарау үшін сотқа жолдады.
Тергеу мәліметінше, қылмыстық топ мүшелері міндеттерді өзара бөліскен. Ғимарат сыртындағы делдалдар теориялық емтихан тапсырушыларға дұрыс жауаптарды сыбырлап жеткізсе, орталық қызметкерлері ақпараттық базаға практикалық емтиханның сәтті тапсырылғаны туралы жалған мәліметтер енгізген.
Осы алаяқтық схема арқылы 2025 жылы 74 адам заңсыз жүргізуші куәлігіне ие болған. Қазіргі уақытта бұл азаматтардың құжаттарының күші толығымен жойылды.
Күдіктілердің әрекеттері Қылмыстық кодекстің 262-бабы мен 206-бабы бойынша квалификацияланды.