Сайлауға 18 саяси тізім қатысады.
25 қазанда Сербияда парламенттің 250 депутатын сайлау үшін кезектен тыс дауыс беру өтеді. Елдің Республикалық сайлау комиссиясы мәліметінше, сайлаушылар тізіміне 6,45 миллионнан астам азамат енгізілген, деп хабарлайды Astana TV.
Дауыс беру учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де ашылып, 20:00-де жабылады. Сайлау барысын 16 мыңнан астам бақылаушы, оның ішінде 622 шетелдік бақылаушы қадағалайды.
Сайлауға 18 саяси тізім қатысады. Негізгі бәсеке биліктегі Серб прогрессивті партиясы қолдайтын «Біріккен Сербия» тізімі мен 2024 жылы Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалы шатырының құлауынан кейін басталған наразылықтар аясында қалыптасқан студенттер бірлестігі арасында өрбуі мүмкін.
Сайлау қарсаңындағы сауалнамалар екі негізгі күштің де қолдау деңгейі шамамен 40 пайыз екенін көрсеткен. Сонымен қатар парламентке өту үшін қажетті 3 пайыздық межеден асуға үміткер өзге де саяси партиялар бар.
Бұған дейін Сербия президенті Александр Вучич парламентті мерзімінен бұрын сайлау өткізу мақсатында тарату туралы шешім қабылдаған. Ол сайлаудан кейін жаппай тәртіпсіздіктерге жол бермеуге уәде берген.