Екі турист таудан түсе алмай қалды

Фото: ТЖМ

Құтқарушылар Алматыда екі туриске таудан түсуке көмектесті, деп хабарлайды Astana TV.

Үлкен Алматы шыңының маңында, теңіз деңгейінен 3681 метр биіктікте екі жас жігіт құтқарушылардың көмегіне мұқтаж болды. Таулы аймаққа көтерілген олар өздері төмен түсе алмаған.

Оқиға орнына ТЖМ «Барыс» Республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары жіберілді. Туристерді тапқаннан кейін құтқарушылар олардың шекара бекетіне дейін қауіпсіз түсуін ұйымдастырды.

Жігіттердің бірінің оң жақ шынтағы соғылған. Екеуі де медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Таудан түсірілгеннен кейін құтқарушылар туристерді қауіпсіз жерге жеткізді.