“Чампи” тайфуны Жапонияға қауіп төндірді

Фото: WINDY

«Чампи»тайфуны Жапонияның оңтүстік-батыс аралдарына жетіп, елдің батыс аймақтарына қауіп төндіріп тұр, деп хабарлайды Astana TV.

Дүлей дауыл Окинава префектурасына, әсіресе Исигаки мен Сакисима аралдарына соққы берді. Қатты жаңбыр мен жойқын желдің кесірінен бұл аймақтарда көрініс шектеліп, мыңдаған үй жарықсыз қалды. 

Ауа райының қолайсыздығына байланысты авиакомпаниялар 100-ден астам әуе рейстерін тоқтатып, мыңдаған жолаушы жолда қалды. 

Синоптиктер желдің жылдамдығы сағатына 108-ден 144 шақырымға дейін жететінін және биіктігі 11 метрге дейінгі жойқын толқындар көтерілуі мүмкін екенін ескертуде. Сондай-ақ нөсер жауын салдарынан сел жүру және су басу қаупі жоғары. 

Тайфун бірте-бірте әлсіреп, тропикалық циклонға айналады деп күтілуде. Ол Жапонияның батыс және шығыс жағалауларын бойлай, Токионың Изу аралдарына қарай жылжиды деп болжанып отыр

 

 

 

Жапония метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, «Чампи» тайфуны дүйсенбіде елдің оңтүстік-батысындағы Кюсю аймағына таяуы мүмкін, деп хабарлайды Astana TV.

Кейіннен ол тропикалық эрозияға ұшырап, тропиктен тыс циклон ретінде Сикоку аралының батыс жағалауына қарай бағыт алады, деп жазады JIJI Press.

Синоптиктер Жапонияның шығысы мен батыс аймақтарын қамтитын атмосфералық фронт салдарынан нөсер жауын жауатынын ескертіп, жергілікті тұрғындарды сақтық шараларын күшейтуге шақырды. Биылғы 30-шы тайфун сенбі күні түстен кейін Окинава префектурасындағы Сакисима аралдарының солтүстік акваториясында тіркелген болатын.

Окинава префектурасындағы Ириомоте аралында сенбі күні сағат 13:40-қа дейінгі 48 сағатта 567 миллиметр жауын-шашын түсіп, жергілікті рекорд жаңарды. Ал Миэ префектурасындағы Овасе қаласында сағат 17:00-дегі жағдай бойынша 24 сағатта 329 миллиметр жауын-шашын тіркелген.