Данил Васильев жазғы Гран-при кезеңдерінің жалпы есебінде үздік үштікке енді

Фото: Ақорда

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан құрамасының өкілі Данил Васильев маусымды үшінші орынмен аяқтады, деп хабарлайды Astana TV.

ҰОК ақпаратынша, Серияның қорытынды кезеңі Германияның Клингенталь қаласында өтті. Маусым қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 201 ұпай жинады.

Жалпы есепте 450 ұпай жинаған жапониялық Наоки Накамура жеңімпаз атанды. Екінші орынды 216 ұпаймен австриялық Даниэль Чофениг иеленді.