Еуропа қысқы уақытқа ауысты: сағат тілі кері шегерілді

Фото: ibirzha.kz

Еуропалық одаққа мүше елдер сағат тілін бір сағатқа артқа жылжытып, қысқы уақыт режиміне көшті, деп хабарлайды Astana TV.

DW басылымының хабарлауынша, ЕО аумағында жазғы және қысқы уақытқа ауысу тәртібі 1996 жылдан бері тұрақты түрде қолданылып келеді.

Дәстүр бойынша, наурыздың соңғы жексенбісінде сағат бір сағат алға жылжытылса, қазанның соңғы жексенбісінде керісінше бір сағатқа артқа қайтарылады. 2019 жылы Еуропарламент бұл жүйені жоюды қолдағанымен, Одақ елдері әлі күнге дейін бұл мәселе бойынша ортақ мәмілеге келген жоқ.

Қазіргі таңда Еуроодақ аумағында үш түрлі уақыт белдеуі қолданылады:

-Гринвич уақыты (GMT): Ирландия және Португалия.

 -Шығыс Еуропа уақыты (GMT+2): Финляндия, Балтық жағалауы елдері бастаған сегіз мемлекет.

 -Орталық Еуропа уақыты (GMT+1): Еуропаның орталық бөлігіндегі қалған елдер.