Қарағанды облысында жүк көлігі пойызбен соқтығысты, деп хабарлайды Astana TV.
"Қарағанды облысының Шет ауданында SHACMAN жүк көлігі бақыланбайтын теміржол өткелінде жолаушылар пойызымен соқтығысты. Алдын ала мәліметтер бойынша, 53 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі теміржол өткелінде қозғалыс қауіпсіздігіне көз жеткізбестен, пойызбен соқтығысты", - делінген облыстық полиция департамент таратқан хабарламада.