Тынық мұхитында, Жапонияның Огасавара аралдары маңында магнитудасы 7,0 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Astana TV.
Синьхуаға ақпаратынша, жергілікті уақыт бойынша сағат 11:10 шамасында Огасавара аралдарының батысында жер сілкінген.
Жапония метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі солтүстік ендіктің 28 градусы мен шығыс бойлықтың 139,9 градусы аралығында орналасқан.
Жерасты дүмпуінің ошағы шамамен 470 шақырым тереңдікте болған.