Астанада бір көшеде қозғалыс шектеледі

Фото: depositphoto.com

Астана тұрғындарына Шерхан Мұртаза көшесінің бір бөлігі 26 қазаннан 3 қарашаға дейін жабылады, деп хабарлайды Astana TV.

iKomek Astana мәліметінше, елордада Шерхан Мұртаза көшесінің Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейінгі бөлігінде жол төсемін жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты ағымдағы жылдың 26 қазанынан 3 қарашасына дейін аталған учаскеде көлік қозғалысы толық жабылады, – делінген хабарламада.