Шымкентте дүкен өртенді

Фото: ТЖМ

Шымкенттегі жергілікті дүкендердің бірі өртенді, деп хабарлайды Astana TV

ТЖМ ақпаратынша, өрт мата сататын дүкенде болған.

"Шымкент қаласындағы "112" пультіне Әл-Фараби ауданындағы Тәуке хан даңғылында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткенде, төрт қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан мата сататын дүкеннің ішінде тоқыма бұйымдарының жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде өрт 30 шаршы метр аумақта сөндірілді", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.