Семейде ер адамның үстіне құрылыс төбесі құлап кетті

Фото: ҚР ТЖМ

Семейде құтқарушылар құлаған құрылымдардың астында қалған ер адамға көмек көрсетті

Кеше Семей қаласы 112 пультіне құрылыс-жөндеу жұмыстары кезінде жеке тұрғын үйдің төбе жабындарының опырылғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Astana TV.

Оқиға орнына жеткен ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері опырылған құрылымдардың астында қысылып қалған ер адамды шығарып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды.

ТЖМ ескертеді: жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаңыздар.