Тағы бір тиктокер қамауға алынды

Фото: скриншот

Ақтөбеде ер адам TikTok-та балағат сөздер айтқаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды

Полиция қызметкерлері TikTok-тағы тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, әдепсіз ишаралар көрсеткен Ақтөбе қаласының тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Astana TV. 

Ол — 42 жастағы Абдулла Қоңырбаев болып шықты.

Сот шешімімен ер адам 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Полиция ескертеді: әлеуметтік желілер — бұл қоғамдық кеңістік. Тікелей эфир заң бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.