Бағдат Сабаз грек-рим күресінен әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Фото: ҰОК

Қазақстандық балуан Бағдат Сабаз грек-рим күресінен Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында сәтті өнер көрсетті

Отандасымыз 67 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Болгария өкілі Абу Амаевпен күресті, деп хабарлайды Astana TV.

Бірінші кезеңде болгариялық балуан басым түсті (5:0). Дегенмен екінші үш минуттықта Бағдат Сабаз қайсар мінез танытып, 7:5 есебімен жеңіске жетті.