Отандасымыз U13 жас санатында екінші орынға ие болды, деп хабарлайды Astana TV.
Жарыс барысында Жания Бекмұхамбетова Италия өкілі Виктория Таминиді (3:0), румыниялық Диана Бурлакуны (3:0), италиялық Майя Павелді (3:0), аустралиялық Алисса Йенгті (3:0) және испаниялық Кармен Гоместі (3:0) жеңді.
Финалда қазақстандық спортшы жапониялық Каэдэ Нэяға 1:3 есебімен есе жіберіп, турнирдің күміс жүлдесін иеленді.