"Тәртіп болмаса, ешқандай мақсатқа қол жеткізу мүмкін емес", - Олжас Бектенов

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2026

Елімізде қоғам тыныштығына сызат түсіретін құқық бұзушылықтар мен мас күйде жасалатын қылмыстар қауіп төндіруде. Сонымен қатар заңсыз алкоголь айналымы мен интернет-алаяқтық көбейіп кетті. Осы мәселелерді түбегейлі шешу жолдары бүгін Үкіметте өткен ведомствоаралық комиссия отырысында қаралды. Бұл бағытта қандай нақты қадамдар жасалуда? Келесі материалда. 

Қылмыстың алдын алу үшін мектептерде балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтарға қарсы арнайы бағдарламалар іске қосылды. Ал мыңдаған азаматты әлекке салған интернет-алаяқтықтың жолын кесу үшін арнайы «Антиколл-орталық» жұмыс істеп, миллиондаған қауіпті қоңырауды бұғаттады. Дегенмен, тұрмыстық және мас күйде жасалатын қылмыстар әлі де алаңдаушылық тудырады.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Өздеріңіз білетіндей, "Заң мен тәртіп" ол – қазіргі таңда ең жоғарғы конституциялық деңгейде бекітілген мемлекетіміздің негізгі қағидаттары. Президентіміз үнемі айтатындай, нағыз патриот ол - бірінші кезекте заңға бағынатын, тәртіпті сақтайтын, тазалықты бағалайтын, табиғатты аялайтын еңбекқор, білімді азамат. Сондықтан дәл осындай құндылықтарды бәріміз кеңінен насихаттауымыз, ілгерілетуіміз қажет. Тәртіп болмаса, елімізде экономикалық, әлеуметтік, саяси, басқа мақсаттарға қол жеткізу мүмкін емес. Ол - айдан анық.

Қоғамдағы ең ауыр түйіндердің бірі тұрмыстық жанжалдар мен отбасылық зорлық-зомбылық. Төрт қабырғаның ішіндегі әлімжеттік  қателікке соқтырмауы тиіс. Осы бағытта мемлекет тарапынан қандай қатаң тетіктер іске қосылды?

ЕРЖАН СӘДЕНОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Отбасылық зомбылықтың жолын кесу мақсатында қауіп қатерді бағалаудың ұлттық стандарты енгізілді. Осы стандарт бойынша отбасында жанжал шығаратын  58 мың адам тексерілді, оның ішінде 2 мыңы қауіпті топқа жатқызылды. Зорлық зомбылықты қайталауы мүмкін адамдар қатаң бақылауға алынды.   Олардың мінез құлқын түзету үшін мәжбүрлі шаралар қабылдануда. 

Ел тыныштығын бұзатын тағы бір қатер, киберқылмыс пен заңсыз нарық. Әсіресе, азаматтарды алдап, кредит рәсімдейтін алаяқтар мен сапасыз өнімдер халықтың денсаулығына қауіп төндіруде. 

ЕРЛАН ӨТЕГЕНОВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 Қылмыс деңгейі 14,6%-ға азайды. Қоғамдық орындарда және көшелерде  құқықтық тәртіп жақсарды.Қызмметтік бірліктің арқасында азаматтарды инетрнет алаяқтықтан қорғау қалыптасуда. 1,6 млн-нан астам алаяқтық қоңырау бұғатталды. 389 млн теңгені құрайтын 766 кредиттің рәсімделуіне жол берілмеді. 

Жиын қорытындысында Премьер-министр бұл бағыттағы жұмысты күшейтіп, проблемалардың түбіне балта шабатын кешенді модельге көшуді тапсырды.