Шымкентте СПА-салондардың бірінде өрт шықты. Тілсіз жау Тұран ауданындағы Қонаев даңғылында 12 қабатты тұрғын үйде орналасқан салонда тұтанған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, ғимараттың жоғарғы қабаттарынан 14 адамды эвакуациялады. Оның ішінде тоғызы бала. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді. 28 шаршы метр аумақты алған өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.