Алматы облысында 5 гектар жер отқа оранды. Қонаев қаласындағы Шығыс шағын ауданындағы батпақты аумақта құрғақ шөп пен қамыс тұтанған. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмылдырылды. Құтқарушылар жалынды толық ауыздықтады. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жаудың жақын маңдағы нысандарға таралу қаупі болмаған.