Тауда адасқан бес туристке көмек көрсетілді

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2026

Алматы тауларына демалуға шыққан бес турист төмен түсе алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінді. 13-14 жастағы екі жасөспірім Көкжайлау шатқалына, теңіз деңгейінен 2200 метр биіктікке көтеріліп, қайтар жолда адасып қалған. Құтқарушылар жасөспірімдерді тау арасынан тауып, төменге алып түсті. Ал Букреев шыңының маңында 2007 жылы туған үш қыз тік әрі күрделі беткейде қалып, өздігінен төмен түсе алмаған. Мамандар бойжеткендермен тұрақты байланыс орнатып, геолокация арқылы олардың орналасқан жерін анықтап, қауіпсіз жерге жеткізді. Екі жағдайда да туристерге медициналық көмек қажет болмаған.