Футбол матчы кезінде 50 метрлік ту жайылды

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2026

Ақтөбеліктер Республика күнін ерекше форматта атап өтті. «Ақтөбе» мен «Қайрат» командалары арасындағы футбол матчы кезінде стадион трибунасында ұзындығы 50 метр болатын еліміздің туы жайылды. Патриоттық акциянының өтуіне «Әділет» партиясының жастар қанаты мұрындық болып отыр. Осылайша, ұйымдастырушылар елдегі маңызды мемлекеттік мерекені спорттық шарамен ұштастырды. 13 мың жанкүйер тәуелсіздік пен ел бірлігінің символы- көк байрақтың астына бірікті. Мақсат-жанкүйерлерге мерекелік көңіл күй сыйлап, туған елге деген сүйіспеншілігін ояту. 

ӘЛІШЕР ТЫНЫШТЫҚ,  «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

"Бүгін Республика күнімен бірге Ақтөбеде футбол мерекесі. Дәл бүгінгі күнге орай, мерекелік күнге орай Әділет партиясының жастары Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен «Менің елім — менің туым» акциясын тағы бір мәрте өткізді. Бүгін 13 мың адамға мерекелік көңіл-күйді сыйлау мақсатында біздің Орталық стадионда біздің көк байрағымыз желбірейді. Жалпы тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын, қашанда елдігіміз мәңгі болсын! Барлықтарыңызды мерекемен құттықтаймыз!