Атырауда Қазақстанның Мемлекеттік туы салтанатты түрде көтерілді

Атырауда Қазақстанның Мемлекеттік туы салтанатты түрде көтерілді.  Республика күні үлкен-кіші Ту тұғыры алаңына жиналып, мерекелік шараға куә болды. Көк байрақ көк аспанда  патриоттық әнмен әуенімен желбірей түсті. 

Атыраудағы Ту тұғыры алаңы  ерекше көңілді. Үлкен-кішінің бәрінің қолында көп байрақ желбіреп, мерекемен құттықтап жүр. Осынау қастерлі күн мемлекеттік ту “Көк тудың желбірегені” әнінің асқақ әуенімен  биіктігі 91 метрлік тұғырға көтерілді. Аймақ әкімі халықты мерекемен құттықтап,  бұл күннің  маңызына тоқталды. 

БОЛАТ АҚШОЛАҚОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Бұл күн  - тәуелсіздіктің бастауы Біз 35 жылда ел дамуының статегиялық бағыттарын айқындадық. Ұлттық экономикамызды қалыптастырдық. Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін арттырдық. Бүгін біз өткенге тағзым етіп қана қоймай, жетістіктердң  саралап, алдағы міндеттерді айқындаймыз.  

Күн суық болғанымен, көңілдер жылы. Жиналғандар көк байрақты көкке көтеру - ел тәуелсіздігін ұлықтау, бірлікті дәріптеу,- деп есептейді. 

ЛЕСҚАЛИ БЕРДІҒОЖИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бұл мерекені біздер қастерлеуіміз керек.  Әрқашан ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып. Бұл күннің тарихи маңызын жоғалтпауымыз керек.  + Халық әрқашан бағалайды, әсіресе, жастар  бағалайды. Бұл күннің қадір қасиетін әрқашан ұмытпаймыз. 

ЛЮДМИЛА  ЛИ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Бүгін бізде өте маңызды мереке. Елімізде тұрып жатқан барлық халық пен этнос өкілдері, әрине, ең алдымен елімізде және бүкіл әлемде бейбітшілік, халқымыздың бірлігі мен келісімі болса деп тілейміз. 

Салтанатты шара шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздардың мерекелік концертімен жалғасты.