Түркістанда видео үшін баласының өмірін қауіпке тіккен әкеге айыппұл салынды

Түркістанда жол сақшысының киімін киіп, жолда автокөліктерді тоқтатып тұрған  видеодан соң баланың әкесіне шара көрілді. Әлеуметтік желілерде облыс орталығындағы үлкен жолдың бойында жас  полицейдің қызу әрекеті түсірілген бейнежазба қызу талқылануда. Оқиға кешкі уақытта болған. Бала қарбалас уақытта жолдың ортасына шығып, қозғалыстағы көліктерді тоқтатқан, ал оның әкесі бұл әрекетті таспаға түсіріп тұрған. «Баланың полиция формасын кигені немесе полиция қызметкері болуды армандағаны үшін ешкім жазалаған жоқ. Керісінше, біз балалардың болашағын полиция қызметімен байланыстыруға деген ұмтылысын құптаймыз. Бірақ мұндай әрекеттер баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Жүргізушінің бір абайсыз қозғалысы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін болғандықтан  араластық деп түсіндіреді полицейлер. 

ГҮЛНӘР ӘБДІРАХМАНҚЫЗЫ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Баламен және оның әкесімен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Баланың өзіне ешқандай жауапкершілік шаралары қолданылмады. Әкімшілік материал ата-ана міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкесіне қатысты жасалды.