Мемлекет басшысы Түркияға ресми сапармен барады

Ақорда

28-30 қазан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен барады. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров телеграм-арнасында жазды,  деп хабарлайды Astana TV.

Анкарада мемлекеттер басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады.