Астанада қоғамдық тәртіпті бұзған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Astana TV.
Астанада қоғамдық тәртіпті бұзған 30 жастағы елорда тұрғыны Айбатыр Исказин ұсталды. Анықталғандай, ер адам мас күйде алдымен жаяу жүргіншіге шабуыл жасауға әрекеттенген. Кейін жол бойымен өтіп бара жатқан автокөліктерге ұмтылып, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндірген. Аталған факті бойынша ер адамға қатысты ұсақ бұзақылық дерегімен әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен құқық бұзушы 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды. Полиция азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және өзге адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады.