Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдерге ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған инфрақұрылымды дамытуды тапсырды, деп хабарлайды Astana TV.
Бүгінде Қазақстанда инклюзивті білім алуға тиіс 237 мыңнан астам бала бар. Өкінішке қарай, соңғы жылдарда ерекше қажеттілігі бар балалардың саны арта түсуде. Сондықтан Үкімет әкімдермен бірлесіп, осы салаға қатысты инфрақұрылымды дамытуға тиіс. Ауқымды құрылысты жүргізу кезінде бұл бағыт назардан тыс қалмауы қажет,-деді Президент.
Мемлекет басшысы маман тапшылығын азайту және балалардың даму ерекшеліктеріне қатысты диагноздарды ерте жастан анықтау жұмысын жүйелі түрде жүргізу керегін атап өтті.
Бұл бағыттағы жұмыстарға «Қазақстан халқына» қоры белсенді атсалысуы керек деді.