Ел дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын айқындайтын құжат әзірленеді

фото: pixabay

Қазақстанның болашаққа жоспарларын қамтитын құжат дайындалады, деп хабарлайды Astana TV. 

«Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  ұлттық жоспарлар мен стратегияларды сыни тұрғыда қайта зерделеу керек екенін айтты. 

 Бұған дейін айтқанымдай, еліміз жаңа тарихи кезеңге қадам басып келеді. Осындай бетбұрыс кезеңінде ұлттық жоспарлар мен стратегияларды сыни тұрғыда қайта зерделеуіміз керек. Тәуелсіздігіміздің келесі маңызды белесіне қандай «жүкпен» жететінімізді нақты түсінуге тиіспіз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының пайымынша, ұзақ мерзімді перспективаны пайымдау қазіргі міндеттеріміз бен басымдықтарымызды айқындауға, егемендіктің стратегиялық бағытын нық ұстануға және жасампаз жоспарларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

 Сондықтан Президент Әкімшілігі Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп, ең алдымен, Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтын қоса алғанда ғылыми орталықтарды тарта отырып, бір жыл ішінде еліміздің даму басымдықтарына қатысты ұзақ мерзімді пайымды қамтитын құжат әзірлеуге тиіс. Бұл маңызды құжатты әзірлеуге депутаттар да өз үлесін қоса алады деп ойлаймын, — деді Президент.