Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында жер сілкінді

фото: shutterstock

Қырғызстан мен Тәжікстанның шекаралас аймағында 28 қазанда 4,7 магнитудалы жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Astana TV. 

Қазақстан ұлттық деректер орталығының ақпаратынша, жер сілкінісі бүгін Астана уақытымен сағат 10:31-де тіркелген.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан мен Тәжікстанның шекаралас аймағында, солтүстік ендіктің 39,45 градусында және шығыс бойлықтың 73,08 градусында орналасқан.Жер сілкінісінің магнитудасы 4,7, энергетикалық класы 10,7 болды. Эпицентр 2 шақырым тереңдікте орналасқан.