Инклюзивті білім беруді дамытуға басымдық беріледі

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2026

Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамытуға және ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға басымдық берілмек. Қазір елімізде инклюзивті білім алуға тиіс 237 мыңнан астам бала бар. Олардың саны жыл сайын артып келеді. Осыған байланысты арнайы инфрақұрылымды дамыту, маман тапшылығын азайту және балалардың диагнозын ерте жастан анықтау жұмыстары жүйелі жүргізілуі керек. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізу «Қазақстан халқына» қорына жүктелді.

ЭЛЬМИРА ОТАР, ОТБАСЫЛЫҚ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТТЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ:

Әлеуметтік объектілер ол - балаларға арналған мектептер. Мектепке дейінгі спорттық ұйымдар. Сонымен қатар, ерекше тәрбиелеуді қажет ететін балаларға арналған спорттық кешендер туралы біршама айтылды. Оларға жаңа жағдай, қолайлы жағдай қарастыру керек. Бұл әлемдік мәселе тек қана қазақстандық емес.