70-ке жуық денсаулық сақтау нысаны салынады. Сонымен қатар, 50-ге жуық білім беру, спорт және мәдениет мекемесі бой көтереді. Президент жолдауында айтылған осы жаңалықты қазақстандықтар жылы қабылдады. Ел азаматтары халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған бастамалар қолға алынған кезде, жақсы өзгерістер болады деген сенімін білдірді.
БЛИЦ-САУАЛНАМА:
- Бұл өте маңызды неге, себебі адамның өсуінде дамуында оның айналасындағы ауыз суы болмаса, жылытатын газы болмаса, жылы суы болмаса ол адамның дамуыда кері кете береді.
- Иа бүгін Президентіміздің жолдауын көріп өте қуанып отырмын. Келесі жылды құрылыс жылына арнаған екен. Өте дұрыс деп ойлаймын. Өйткені қаламызда көп инфроқұрылым жүйелері ескірген.
- Масштабтың аты масштаб. Үлкейткен, көбейткен ол дұрыс деп ойлаймын.
- Елдің дамуы, елдің қамы, халықтың қамы. Ол бізге де ертеңгі күнге де керек, бізден кейінгі ұрпаққа.
-Президент өз жолдауында Көкшетау-Петропавл тас жолын кеңейтуді тапсырды. Өңір тұрғындары мен кәсіпкерлері бұл жаңалықты естіп қуанып отыр. Себебі, Петропавл еліміздің солтүстік қақпасы болғандықтан, көрші елдермен тауар айналымы біз арқылы өтеді. Кеңейтілген жол кәсіпкерлерге тауарды тезірек жеткізуге мүмкіндік береді.