Еліміздегі Университеттер мен колледж студенттері Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын талқылады. Жастар ел дамуын айқындайтын Президент бекіткен басым бағыттар туралы өз ойларымен бөлісті. Әр өңірдегі студенттердің пікірі бір арнаға тоғысты. Себебі, Мемлекет басшысы өз сөзінде жастардың білімін жетілдіріп, әлеуетін дамуына ерекше көңіл бөлді.
Ақтөбедегі Құдайберген Жұбанов атындағы университеттің тарих және география факультетінің жүздеген студенті Президент жолдауын бірге көрді. Артынша, қозғалған тақырыптар бойынша пікір алмасты. Бұл кездесу «Әділет» партиясының қолдауымен өткізілді. Сонымен қатар, жастарға Жолдаудың басым бағыттары түсіндіріліп, аймақта атқарылып жатқан жұмыстардың барысы таныстырылды.
ҚАЗЫБЕК ӘЛІШЕВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды қаржыландыру тетігі жасалады дегені ойдамыз. Сонымен қатар бәйтерек холдингіне 500 миллиардтан астам соммаға ірі инвестициялық жобалардың тізімін айқындаған. Яғни, бұл ірі инвестициялық жобалардың тізімі бұл тағам өңдеу, тағам өндіру саласындағы ірі инвестициялық жобалар болады. Және бұл жерде де Мемлекет басшысы осы ірі инвестициялық жобаларды нақты қаржыландыру тетіктерін қайта қарастыруды ұсынып отыр.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын Батыс-Қазақстан облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы университет студенттері де талқылады. «Әділет» партиясы өңірлік филиалының ұйыдастыруымен өткен шарада студенттер көлік-логистика, цифрландыру және электостанциялардың құрылысына баса назар аударды.
БАУРЖАН БЕКТҰРҒАН, "ӘДІЛЕТ" ПАРТИЯСЫ БҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Жергілікті атқарушы органдармен, осы Үкіметпен бірлесіп жұмыс істейміз. Президентіміз айтып жатқан жұмыстарды бәріміз қолдаймыз. "ӘДІЛЕТ" партиясының өз тарапынан біздің партияластарымызға, Үкіметке, жергілікті атқарушы органдарға бүкіл мәселені өңірдегі халықпен бірге бірлесіп, жаңағы өтініштерді естіп, бүкіл мәселелерді талқылайды деп ойлаймын.
«Әділет» партиясының жастар қанатының бастамасымен алматылық жастар да жолдау бағдарламасымен танысты. Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде өткен іс-шараға 200-ден астам жас қатысты. Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған басым бағыттар, елдің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттері талқыланды. Әсіресе, жастарға арналған мүмкіндіктер мен азаматтық жауапкершілік мәселелеріне жастар ерекше назар аударды.
АЙДАР КҮНТУБАЙ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ЖАСТАР ҚАНАТЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бұл жолдауда қазіргі таңда түрлі еліміздің мына түйіткіл мәселелеріне қатысты сұрақтардың барлығы көтеріліп жатыр. Оның ішінде жастар мәселесі де бар. Енді алдағы уақытта осы жолдаудың орындалу барысында осы жастармен бірге жұмыс атқаратын боламыз.
Талқылауға қатысқан әр адам Жолдау қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруды негізге алды деген пікір айтуда. Өз кезегінде, барлық реформаларды қолдап, бұл жобалардың жүзеге асырылуы үшін еңбек етуге дайын екендерін де жеткізді.